Қазақстандық спортшы халықаралық жарыста ел қоржынына күміс медаль салды
olympic.kz
Қазақстандық спортшы Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Висла қаласында өткен Гран-при кезеңінде жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жекелей сында ел намысын қорғаған Васильев сәтті өнер көрсетіп, күміс медальды жеңіп алды. Бұл жетістік жас спортшының халықаралық аренадағы маңызды табыстарының бірі болып отыр.
Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Австрия спортшысы Никлас Бахлингер иеленсе, үшінші орын Болгария өкілі Владимир Зографскийге бұйырды.
Оқи отырыңыз