KZ
Өскемен
-14°
небольшая облачность жел 0,7 м/с, В
502.57 591.68 6.42

Жыл басынан бері 78 мыңға жуық неке тіркелді

depositphotos.com

13.09.2025, 10:00 224 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында елімізде 77 951 неке қиылып, 226 803 бала дүниеге келгені тіркелді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жас жұбайлар некелерін көбіне есте қаларлық күндерге белгілейді. Мәселен, 9 қыркүйек — қос тоғыздың тоғысқан күні — бір күнде 631 жұп шаңырақ көтеріп, 1 195 сәби дүниеге келді.

Некеге тұру үшін өтінішті таңдаған күннен кемінде 15 күн бұрын беру қажет. Өтінішті:

  • АХАТ бөлімдерінде,
  • электрондық үкімет порталында,
  • екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу