KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 2 м/с, С
512.83 600.58 6.36

Көлік қозғалысына байланысты шектеу алынды – ШҚО

шартты сурет

6.04.2023, 10:35 506 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында күн райының қолайсыздығына байланысты тіркемесі бар көліктердің қозғалысына шектеу қойылған болатын.

Сол шектеулер алынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

5 сәуірден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Риддер-Ресей Федерациясының шекарасы», «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Үлкен Нарын-Рахман қайнарлары», облыстық маңызы бар «Өскемен-Самар, Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік, Ұрынхай–Төсқайың жолдарында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар көліктердің қозғалысына қойылған шектеу алынды,  деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу