KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Ертең қатты жел соғады – ШҚО

17.04.2023, 23:44 190 Мадина Амангелдіқызы

18 сәуірде ШҚО аумағында дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 18 сәуірде облыстың басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Одан бөлек, өңірде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін.

Батыс пен солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Осы ретте ТЖ қызметі облыс тұрғындарын абай болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив