KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4,7 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Қартаю индексінің ең жоғары көрсеткіші ШҚО-да

Фото: pexels.com

23.06.2023, 10:30 219

Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 құрады, осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа өсті (26,6 – 2021 ж.). Бұл дегеніміз 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс көрсеткен ШҚО-да – 56,9 құраған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет жариялаған.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3 және Қостанай облыстары – 48,9 тұр.

Ал халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы, соңғы 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Онда 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді. Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында – 11,7.

Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив