KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4,7 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Шығыстың тілшілері қылмыскерлерді құрықтауға көшті

Фото: ҚР ҰҰ “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

25.06.2023, 14:29 704

ШҚО журналистері мен ақпарат саласындағы өзге де мамандар бір күнге қаламдарын погонға ауыстырып, патрульдік қызмет атқарып көрді. 

Тілшілер арнайы форма киіп, патрульдік қызмет мамандарының күнделікті тірлігімен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 

Шараны ҚР Журналистер одағының ШҚО филиалы мен Ұлттық ұланның “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы бірлесе ұйымдастырған.

 

Алдын ала жоспар бойынша патрульдік қызметтің жұмыс формасын киген ақпарат саласының қызметкерлері күдіктіні ұстауы қажет еді. Қала дүкендерінің біріне ұрлыққа түсті деген күдіктінің рөлін қолбасшылықтың қызметкері сомдады.

Ақпарат саласының екі қызметкері мен қолбасшылықтың бір қызметкерінен құралған топтарға күдіктінің этнопарк аумағында жасырынуы мүмкін екендігі туралы бағдар көрсетіліп, оны ұстау туралы бұйрық түскен. Рация және бағыт пен күдіктінің суретін алған патруль қызметі аумақты шолуға кірісіп, күдіктіні қолға түсірді.

 Біз осындай шараны алғаш ұйымдастырып отырмыз. Алда осыған ұқсас ауқымды және тапсырмалары күрделі болатын шара ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Осыған дейін осындай шара 5518 әскери бөлімінде өткен. Ол кезде журналистер арнайы форма киіп, атыс қаруымен атып көріп, кедергілер жолағын еңсерді. Ол кезде қиын болды. Биыл бәрі жеңіл өтті, дейді ҰҰ “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

 

“Менің өлкем” газетінің журналисі Әділхан Есімханов пен “Алтай” арнасының журналисі Қарақат Жақсылықоваға “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы атынан “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” төсбелгісі табысталды. Өзге қатысушылар да алғыс хаттармен және наградалармен марапатталды. 

 

Шараның арқасында журналистер патрульдік қызметтің ішкі тынысына қанығып, қызығы мен шыжығын бастан өткерді. Патрульдік қызметтің мамандары күн райы мен жыл мезгіліне қарамастан күніне 6 сағат тік тұрып қызмет атқарады. Ал демалыс күндері жұмыс 8-10 сағатқа созылуы қалыпты жағдайға айналған. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив