KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Құқық қорғауға жас сақшылар кірісті

24.10.2013, 18:00 100


Бүгінгі таңда жол және патрульдік полиция қызметкерлері бірігіп өз қызметтерін атқарады. Қозғалыстың жас инспекторлары және полицияның жас достары құқық қорғау саласында насихат жұмысын бірігіп өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

ШҚО ІІД әкімшілік полиция қызметкерлерімен олар бастауыш сынып оқушыларына жолдағы қауіпсіздік, төтенше жағдайда өздерін ұстау тәртібі туралы әңгімеледі.

Кинологиялық қызмет мамандар тобының нұсқамашысы Эльдар Дулатов жас сақшыларға «Джек» атты иттің 5 ірі қылмысты «ізін суытпай» ашуға қосқан үлесі туралы айтып берді. Қоштасу барысында патрульдік ит құқық бұзушылықтың алдын алуға және адал қызмет етудің белгісі ретінде қозғалыс жас инспекторына өз алдыңғы аяғын ұсынды.

Ақгүл Атудинова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив