KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Өскеменде үш жігіт тапа-тал түсте таксисті қылқындырып, машинасын мініп кеткен

12.09.2018, 10:35 153

 Өскеменде 10 қыркүйек күні белгісіз біреулер  тапатал түсте такси жүргізушісін тұншықтырып, машинасын мініп кеткен. 


Зардап шегуші 51 жастағы ер адам көлікке 3 жігіттің отырып, Самсоновка ауылына жақындаған кезде жолаушылардың бірі тоқтауын өтініп, қылғындыра жөнелгенін айтады.


Есін жия сала «Daewoo» көлігінің иесі «102» нөміріне хабарласады. Патрульді қызмет түскен хабарламаға қатысты бірден әрекет етіп, қылмыскерлерді құрықтаудың амалын жоспарлайды.


Зардап шегушінің берген ақпаратынан кейін барлық патрульдік топтарға ұрланған көлік пен бұзақылар туралы ақпарат таратылып, тәртіп сақшылары қылмыскерлердің ізін суытпай құрықтады.


Белгілі болғандай, адам өміріне қастандық ойлаған үш жігіттің 20, 22 және 23 жаста екендіктері анықталды. Сонымен қатар, бұзақылар көлік ұрлығына қатысты жоспарды алдын ала құрған, өйткені олардың Мариногорка ауылына жететін көліктері болмаған.


- Бұзақыларды Өскемен-Самар тас жолының 123 шақырымында ұстадық. Патрульдік қызметтің жедел жұмысының арқасында құқықбұзушыларды тез табылды, - дейді ШҚО ІІД ЖППБ қызметінің инспекторы, аға лейтенант Тыныс Ахатбеков.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив