KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,7 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Өрт қауіпсіздігін бұзған 51 адам жауапкершілікке тартылды – ШҚО

Фото: gov.kz

13.07.2023, 17:06 141

Облыс аумағында құрғақ шөптің өртенуі басылмай тұр. Апта басынан бері аймақта осындай 20 өрт сөндірілген.

Өрттің басым бөлігі от жағу ережесін ескермегендіктен және найзағай әсерінен пайда болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрт қаупі кезеңінде инспекторлар, орманшылар, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері сынды 250-ден астам адамнан құралған 46 мобильді топ жұмыс істейді. Олар орман аймағында мониторинг жүргізіп, рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Осындай шаралардың нәтижесінде өрт қауіпсіздігін бұзған 51 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ТДЖ дерегінше, алдағы күндері облыс аумағында күн ысып, өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Өрт кезінде "101" немесе "112" нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив