KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2,7 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

ШҚО полициясының жұмысына QR-код арқылы баға беруге болады

Фото: egemen.kz

17.07.2023, 10:36 168

Енді ШҚО полициясының жұмысын QR-код арқылы бағалауға болады.

Жауаптар Google форма көмегімен талданады, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қоғаммен тығыз қарым-қатынас және тұрғындардың кері байланысы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірлеп жатқан 2024-2028 жылдарға арналған Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізін құраған басты факторларының бірі.

– Бұл модельдің негізінде адам тұрады, ал мемлекеттік орган мұндай өзара іс-қимылдың нәтижелі болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Бұл – ШҚО полициясының қызметіне енгізіліп жатқан жаңашылдық – QR-код арқылы бағалау болды. Яғни, оның көмегімен қарапайым сауалнама арқылы өтіп, аймақтағы полиция қызметінің сапасын бағалауға болады және қай жерде мәселе бар, оны жою жолдарын анықтауға болады, – дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков.

Олар әрбір патрульдік автокөлікте, полицияның кезекші бөлімінде, сондай-ақ полиция пункттері мен қолжетімді жерлерде орналасқан. Жауаптар Google формасы көмегімен талданады. Осылайша, нақты уақыт режимінде полиция бөлімшелеріне қанша адам жүгінетінін, қандай мәселелер бойынша және, ең бастысы, көрсетілген қызметтің сапасын білуге болады. Облыс орталығының тұрғындары да жаңашылдықты жоғары бағалап, сауалнаманы толтырудың ыңғайлылығы мен жеңілдігін, сондай-ақ полиция жұмысының сапасын арттыруға өз ұсыныс-тілектерін білдіру мүмкіндігінің бар екенін атап өтті. Полицейлер үшін сауалнама деректері жұмысты талдауға, түзетулер енгізуге көмек болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив