KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Бұқтырмаға төгілген мұнайдың мөлшері қандай?

Фото: egemen.kz

23.07.2023, 14:30 347

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасына маусым айында мұнай төгілгені анықталған еді. 

Өңірлік Экология департаменті тексеру жұмыстарының қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мұнай Алтай ауданындағы «Аюда» демалыс базасының маңында төгілген. Алынған су сынамасында мұнай өнімдерінің мөлшері нормадан 38,8 есе асып кеткені анықталды. Мұнай төгілген алаңның жалпы ауданы шамамен 50 мың шаршы метрді құраған.

ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта суда мұнай қалдықтары жоқ. Сондықтан суда шомылу қауіпті емес.

— Оқиға болған күні су айдынында мұнай өнімдерінің шоғырлануы өте жоғары болды. Бірақ ертесіне қайта сынама алынғанда судағы мұнай мөлшері азайып кетті. Су уақыт өте келе табиғи жолмен өзі тазарып отырады. Мұнайдың бір бөлігі бактериялармен жойылған. Сондай-ақ бұл кезде қатты жел соғып, мұнай өнімдері жағаға шықты. Су қоймасы ластанған соң екі аптадан соң санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары су сапасын тағы да тексерген. Бұл жолы одан мұнай табылған жоқ, - дейді мемлекеттік экологиялық инспектор Рауан Тұраров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу