Катонқарағай тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіленді – ШҚО
Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
ШҚО ПД жедел қызметіне Катонқарағай ауданының 52 жастағы тұрғыны тіркелмеген қару сақтайды деген ақпарат келіп түскен.
Тәртіп сақшылары дереу тексеруге кірісіп, аталған ер адамнан 16 калибрлі тегіс қос ұңғылы мылтық тауып, тәркілеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бап бойынша жеке тұлғалардың қаруы тәркіленіп, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Оқи отырыңыз