KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Автобустың ішінде құлап қалған қария жамбас сынығымен ауруханаға түсті

19.09.2013, 18:00 162


Өскемен қаласында автобустың ішінде құлап қалған 88 жастағы қария жамбас сынығымен ауруханаға түсті. Автобустың жүргізушісі іздестірілуде , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының ақпаратына жүгініп.

«17 сағат 30 минутта жедел басқару орталығына 88 жастағы қарияның автобус ішінде құлап қалғаны туралы хабар түсті. Жамбасы сынған зейнеткер ауруғана жеткізілді. Қазір осы жол-көлік апатына қатысты жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Қарияның Абай даңғылының бойында, №1 қалалық аурухананың маңында келе жатқанда көлікте құлағаны белгілі» делінген баспасөз парағында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив