Риддерде тұрғын үйдің іргетасының төсеніші құлады. Жағдай бақылауда
Риддер қаласындағы 4 пәтерлі тұрғын үйдің іргетасының төсеніші құлап түскен.
Оқиға кеше түнде шамамен сағат 23-те болған. Жылу құбырларын жөндеу барысында жер қазу жұмыстары жүргізіліп, осындай келеңсіздікке әкелген, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Риддер қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Үйдің 12 тұрғыны аман, зардап шеккен ешкім жоқ. Үйдің нық тұруына кедергі жоқ. Әкімдік және ТЖ басқармасының мамандарынан жедел түрде арнайы топ құрылып, оқиға салдарын зерттеп мәселені шешуде.
Тұрғындар туыстарында уақытша бола тұруды дұрыс көріп, жағдайдың әрі қарай шешімін арнайы комиссияның құзырына тапсырды.
Оқи отырыңыз