KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.72 482.28 4.9

Өскеменде Самар ауданының жәрмеңкесі өтті

30.10.2023, 10:00 188 Нұржан Кенжеұлы

Самар ауданы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі көптің көңілінен шықты. Мұны сенбі күні таң қылаң бере басталған сауда-саттықтың басы-қасында жүргендер де, сатып алушылар да айтты.

Өскемендегі ТНП сауда үйінің алдындағы алаңда ұйымдастырылған жәрмеңкеге халық таңның ертесінен жинала бастады. Бұған тіпті іс-шараның тым ерте басталуы мен ауа райының қолайсыздығы да бөгет бола алмады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Байқағанымыз, халық әсіресе ет және сүт өнімдері, балық сатылған нүктелерге көп жиналды.

Самар аудандық әкімдігінен хабарлағандай, бұл күні бес тоннадай ет, 10 тонна көкөніс, 250 келі бал әкелініпті. Бағасы да қолжетімді, қаладағыдан біршама арзан. 

Бұл күні аудан әкімдігі келушілерге арнап концерттік бағдарлама, қой көтеру, гір көтеру сияқты спорттық сайыстар ұйымдастырды. Сондай-ақ жәрмеңке қонақтары ыстық шай мен бауырсақтан, палаудан дәм тата алды.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев жәрмеңкеге өнімдерін ала келген самарлық шаруалармен кездесіп, кәсіптері туралы сұрап білді. Ермек Беделбайұлы аудан шаруаларына өнімдерін сенбілік жәрмеңкелерге ғана емес, өзге күндері де әкеліп, азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосуы керектігін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив