KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Жастарға арналған бірқатар байқау жарияланды

Фото: egemen.kz

10.11.2023, 14:05 191

ШҚО-да жастарды қолдау шараларының аясында өз саласының үздігі болған жастарға бірқатар гранттар мен сыйлықтар табысталады. Ол кемлекеттің жастар саясатын іске асыруға үлес қосқан жастарға беріледі. Соның бірі — облыс әкімінің атынан жылсайын табысталатын «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы.

Қазір аталған сыйлықтың иегерін анықтайтын байқауға өтінім қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқау 7 номинация бойынша өтеді. Нақтырақ айтқанда, «Жылдың жас көшбасшысы», «Жылдың студент көшбасшысы», «Жас кәсіпқой», «Жылдың жастар ұйымы», «Жылдың жас журналисі», «Жылдың жастар акциясы», «Жас отбасы» атты номинациялар бекітілген.

Құжат қабылдау 30 қарашаға дейін жалғасады. Құжаттарды Өскемен қаласы Потанин көшесі, 27/1 мекенжайында орналасқан ШҚО қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығына тапсыруға болады.   

Одан өзге, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды. Биыл осы жобаның аясында 3 млн теңгелік 30 грант табысталады.

Грант тапсырудағы басты мақсат — жастардың белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау. Байқауға 14-35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Гранттар ғылым, мәдениет, ақпараттық технология, бизнес, медиа сынды 5 бағыт бойынша бөлінеді. Үміткерлердің өтінімі биылғы 26 қыркүйектен - 26 қарашаға дейін электрондық нұсқада t.urpaktary2023@gmail.com поштасына қабылданады. Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78. Өтінімдер қазақ және орыс тілінде қабылданады.

Осы сайыстан өзге, қазіргі таңда ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен және жоғары спорттық жетістіктерімен көзге түскен дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұйымдастырылатын «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы басталды. Байқау 10 номинация бойынша өтеді. Оның ішінде, әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, креативті бастамалар, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы салалары бар.

Халықаралық және республикалық конкурстардың, фестиваль мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, қызметі инновациялық, тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен 35 жасқа дейінгі азаматтар сыйлық алуға үміткер бола алады.

Құжаттар 20 қарашаға дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінде (қағаз нұсқада), Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылданады. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@gmail.com поштасына жолдауға болады. Байланыс номерлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.

                            

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив