KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Самарлық тұрғын бизнесті дамыту идеясын ұсынды - ШҚО

16.11.2023, 14:01 180

Бүгін ШҚО әкімінің Самар ауданы тұрғындарымен есептік кездесуі өтіп жатыр.

Самар ауылының тұрғыны Баянды Қожамбетов ұсақ және ірі қара малдың терісін өңдеу мәселесін көтерді. Бұл кәсіпті жүргізу тәжірибесі ауданда бұрыннан бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Сонымен қатар Көкжыра ауылында қант зауыты жұмыс істеген. Ауданда зауытқа қажетті шикізатты өсіруге барлық жағдай бар, ал жергілікті жерде өскен қызылшаның құрамында қант өте көп. Жергілікті тұрғындар осындай жақсы жобаларды қайта жандандырып, жаңаша сипатта дамыту қажеттігін айтты.
ШҚО әкімі тұрғындармен кездесуде бұл ұсынысты қолдады және Өскеменде көтерме-тарату орталығының құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. 
Облыс орталығынан 140 шақырым қашықта тұрған Самар ауданы үшін азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру өте маңызды. Сондықтан самарлықтар апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу бастамасын қызу қолдайтындықтарын жеткізді.
Кездесуде айтылған ұсыныстардың барлығы мұқият зерделеніп, алдағы жұмыс барысында қаперге алынатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив