KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ШҚО әкімінің Самар ауданы тұрғындарымен есептік кездесуі өтіп жатыр

16.11.2023, 11:23 167

Бүгін ШҚО әкімінің Самар ауданы тұрғындарымен есептік кездесуі өтіп жатыр.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың Самар ауданы тұрғындарымен өтіп жатқан есептік кездесуінде аудан әкімдігіне ең қысқа мерзімде экономиканың дамуын, сондай-ақ халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін кешенді даму жоспарын әзірлеу тапсырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өңір басшысы кездесудің дәстүрлі форматын өзгертіп, әдеттегідей тұрғындармен сахнада отырып тілдеспей, алқалы жұрттың алдында тұрып дидарласуды жөн көрді. Бұл қарапайым халықпен арадағы байланысты нығайтып, адамдармен жылы жүздесуге әсер ететінін жеткізді. Сондықтан облыс әкімі сахнадан түсіп, залда отырған көпшіліктің ортасына келді. Тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап берді.        
Жиын барысында ШҚО әкімі жауапты сала басшыларына салық салынатын базаны ұлғайту, инвесторлар тарту, оларға қолайлы жағдай туғызу сияқты ауданның дамуына серпін беретін істерді қолға алуды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив