KZ
Өскемен
-8°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
509.94 593.88 6.43

ШҚО-да жел екпіні күшейеді

18.11.2023, 23:30 282 Назерке Каримова

"Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметінше, 19 қарашада облыстың көп бөлігінде жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында желдің екпіні 23-28 м/с, күндіз солтүстікте, шығыста 15-20 м/с болады. 
Облыс орталығы Өскемен қаласында оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, жел күндіз екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады. 

- Үйлердің барлық терезелерін мықтап жауып, балкондар мен лоджиялардан құлап кетуі мүмкін заттарды алып тастау керек. Көшеде билбордтардан, белгілерден, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болу керек. Сынған әйнектер, сондай-ақ жел соққан шатыр мен ғимарат декорының элементтері қауіп төндіруі мүмкін. Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112"қоңырау шалу керек, - дейді төтеншеліктер. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу