KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Қар жауып, жел күшейеді - ШҚО

25.11.2023, 09:00 186 Назерке Каримова

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 25 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады.

Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Синоптиктер берген мәліметте оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с жетеді. 

- Облыс тұрғындарына барлық сақтық шараларын сақтау қажет. Мұндай ауа райы жағдайында ұзақ сапарларды жоспарламаңыздар. Егер шығу қажет болса, жолға мұқият дайындалыңыз. Өзіңізбен бірге күрек, әйнекті тазалауға арналған қырғыш, отын қоры, шам, жылы заттар, телефон, зарядталған PowerBank, қол шамы, азық-түлік қоры, ыстық шай құйылған термос, ашық түсті мата алыңыз. Жолға шығар алдында жол жағдайын нақтылаңыз – мұны «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы жасауға болады, - дейді ТЖ қызметі. 

Айта кетейік, республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйін 26-28-08, облыстық жолдарды - 57-42-52 телефондары арқылы анықтауға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив