KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО-да балалар арасындағы туберкулез үш есе өскен

Фото: Ustinka.kz

28.11.2023, 17:00 126

ШҚО-да балалар арасындағы туберкулез ауруы үш есе өскен.

 

Бұл туралы «AMANAT» партиясы филиалының өңірлік кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz Ustinka.kz сайтына сілтеме жасап.   

                                                        

Облыстық фтизиопульмонология орталығының ақпараты бойынша, балалардың аурушаңдығы орташа республикалық деңгейден 20,3%-ға төмен болған. Дегенмен облыс ішінде былтыр 10 айда үш жағдай тіркелсе, биыл 10 жағдай тіркеліпті.

 

Мамандардың айтуынша, мұның басты себебі - БЦЖ вакцинациясынан және науқас балалардың ата-аналарының емделуден бас тартуы.

 

- Талдау нәтижесі көрсеткендей, тіркелген 10 баланың алтауы отбасында туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған, осының ішінде үш баланың ата-анасы балаларды химиопрофилактикалық емдеуден бас тартты. Бір бала медициналық көрсеткіштерге байланысты вакцинацияланбаған, жеті бала - аз қамтылған және қолайсыз отбасылардан шыққан»,-дейді облыстық Фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Болатбек Елшібеков.
 


Балалар арасында туберкулездің алдын алудың тиімді әдістерінің бірі - БЦЖ вакцинациясы. Бірақ, өкінішке қарай, биыл дүниеге келген 7 612 нәрестенің 79-ы ата-анасының бас тартуына байланысты БЦЖ-мен вакцинацияланбаған. Вакцинацияның ең төменгі пайызы Алтай ауданында.

 

Туберкулезбен ауыратын балалардың көбі аз қамтылған және қолайсыз отбасылардан шыққандықтан және емдеу курсы кезінде дұрыс тамақтану мен дәрумендер қабылдау қажеттігін ескерген Кеңес мүшелері «AMANAT» партиясы ШҚ филиалының Денсаулық сақтау және білім беру мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Зарина Камасованың бастамасымен мұндай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беруді ұсынды.

 

Бұл ұсынысты қолдаған ШҚО мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков қаражат бөлу мәселесі жергілікті деңгейде қаралатындығын айтты.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив