Шығыстан 17 сарбаз Қарағандыға аттанды
ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Өскемендегі №6699 әскери бөлімінде "Әскерге шақырылушылар күні" өтті.
Осы орайда шығыстың 17 сарбазы Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның құрамына шақыртылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жас сарбаздар және олардың ата-аналары қатысқан шарада № 6699 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының аға көмекшісі капитан Нұрбек Жукубаев Ұлттық ұлан қатарында қызмет етудің артықшылықтарын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
- Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышымды өтеу мен үшін зор мақтаныш. Сондай-ақ әскер сапындағы сарбаздарға мемлекет тарапынан толассыз қолдаулар мен жеңілдіктер барын да естіп жатамыз. Бұл да менің құлшынысыма серпін берді деп ойлаймын, - дейді әскерге шақырылушы Бекарыс Марсыбаев.
Ал сарбаздар "Орталық" өнірлік қолбасшылығына қарасты №6505 әскери бөліміне аттанды.
Оқи отырыңыз