KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемен мен Риддерде ауа сапасы нашарлайды

yk.kz

9.12.2023, 14:14 140 Назерке Каримова
9 желтоқсанда синоптиктер Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және Петропавл қалаларында тіркеліп отыр.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

- 9 желтоқсанның сағат 21.00-ден 10 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД мамандары. 

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив