Өскемендегі хайуанаттар бағына келушілер үшін жаңалық көп
gas-kvas.com
Орталықта тұрғындарға арналған "еркін бақылау алаңы" іске қосылды.
Ал кейбір жыртқыштарды жақыннан көру үшін терезелі қоршаулар қойылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қазір бақ қызметкерлерінің жұмысы жаздағыдан екі есе көбейді деуге болады. Өйткені жануарлардың қысқы күтімін жасап, суық маусымды аман-есен өткеру аса маңызды.
Сусар жануарлар бағының жаңа мүшесі. Оны Семейдегі алапат орман өрті кезінде еріктілер тауып алып, осы жерге табыстапты. Енді сүйкімді аң орталыққа келгендердің көзайымына айналды. Биолог Юлия Павленко мұндағы аң құстың мінез құлқын жаттап алған. Ал сусарға тіпті бауыр басып кеттім дейді.
- Қысқы қам күшейтілді. Жануарлардың күйлі шығуы, тұрған жеріне,жеген қорегіне байланысты. Қысты бір өткеріп алсақ, ол да үлкен жетістік. Ең бастысы аң құстың қорегі дайын. Жылына 100 тоннадай шөп, отыз тоннадан аса жем аламыз. Экзотикалық құстарды да ұмытпаймыз. Кептірілген жемістер, көкөніс жинақтаймыз. Ал ірі жыртқыштардың тәбеті де ірі. Олар үшін аптасына 70 келі ет алынады, - дейді ол.
Қоңыр аюлар қысқы ұйқыны күтіп маужырап жүрсе, тау арыстаны тым белсенді. Енді бұл түз тағысын тура жанынан тамашалауға болады. Қоршауына шыңдалған шынымен қапталған қауіпсіз терезе қойылды. Орталықта бұта мысығы да бар. Болмысы ерекше жыртқышты көруге келетіндер көп.