KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Шемонаихада мұз құрсауында қалған құстар құтқарылды - видео

12.12.2018, 04:26 161

Шүлбі су қоймасында мұз құрсауында қалған құстар құтқарылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Устинка сайтын нұсқап. Бұл құстар қызыл кітапқа енген бірқазан екендігін айта кетейік.


Ауыл тұрғындары мен орман шаруашылығының қызметкерлері құтқаруға келгенде екі құстың әлі құрып тұр екен. Сөйтсе де маңына жолатпағанға ұқсайды. Тұрғындар сол себепті облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлеріне жүгініпті. Шемонаихадан шыққан құтқарушылар құрсаудағы құстарды аман алып шыққан.


– Құстар біршама үлкен болғандықтан тормен алып шықтық. Еш жерін жарақаттамай, абайлап қимылдадық. Бұл құстар біздің аймақта өте сирек кездеседі, – деді «Семей орманы» орман резерватының қызметкері Петр Куркачев.


Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметкері Руслан Қойшыбаевтың айтысынша, құстардың жағдайы қазір жақсы. Өскемендегі хайуанаттар бағына жөнелтілген. Көктем шығысымен босатылады.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив