KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Ертең жел күшейеді - ШҚО

Фото: yuzh-ural.ru

19.12.2023, 16:38 104 Анель Слямғазықызы

ШҚО-да 20 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды.

 

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша ертең облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.  

 

Оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді, екпіні - 23 м/с.

 

Өскемен қаласында 20 желтоқсанда күндіз бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады екпіні 15 м/с.

 

Облыс тұрғындарына барлық сақтық шараларын сақтау қажет. Мұндай ауа-райы жағдайында ұзақ сапарларды жоспарламаңыз, олардан бас тартыңыз. Егер шығу қажет болса, мұқият дайындалыңыз.

 

Жолға шығар алдында жол жағдайын «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасы арқылы нақтылап алған жөн.  Республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйін 26-28-08, облыстық -  57-42-52 телефондары арқылы да анықтауға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив