KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да қызылша жұқтырғандар саны 93-ке артты

Фото: almaty.tv

28.11.2023, 15:19 169 Ләззат Қанатқызы

24 қарашадағы жағдай бойынша өңірде қызылша жұқтырғандар саны 93-ге артты.

Науқастардың 83,9%, яғни негізгі үлесі 14 жасқа дейінгі балаларды құрап отыр. Аталған санатта 78 жағдай анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ақ халаттылар өткен 2022 жылдың осы кезеңінде қызылша аурушаңдығы тіркелмегенін айтып отыр.

Қызылша жұқтырғандар арасында 76 адам екпе алмаған, 3 тұрғын вакцинацияланған және 13 науқас  Алматы, Атырау, Стамбул (Түркия) қалаларында және Тәжікстан елдерінде ауырып елге әкелгендер.

- Құрметті ата-аналар, облыс тұрғындары, егер сіздердің жақындарыңыз бен балаларыңыз қызылша індетіне қарсы екпе алмаған болмаса, оларға дереу түрде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға барып індетке қарсы екпе алу қажет. Аталған індеттің алдын алу ең тиімді жолы - қызылшаға қарсы екпе алу. Қызылшаға қарсы нақты ем жоқ екені бәріне белгілі, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу