KZ
Өскемен
-1°
туман жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Қызылшаға қарсы жаппай иммундау басталды

Фото: /ngs.ru

1.12.2023, 16:20 241

30 қарашадағы жағдай бойынша облыста қызылшаның 102(бір ай бұрын 48 болған) зертханалық расталған жағдайы тіркелді, қарқынды көрсеткіш деңгейі 14%-ды құрап отыр. Науқастардың негізгі үлесі 82,4% 14 жасқа дейінгі балалар (84 жағдай).

Аурушаңдықтың үлесі 15,7%-ы ересектерде (16 жағдай) және 2,0%-ы жасөспірімдерде (2 жағдай) деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аурушаңдық жағдайлары облыстың келесі аудандары мен қалаларында тіркеліп отыр: Глубокое – 4,Зайсан7(4 бала), Алтай3, Самар8, Риддер1, Ұлан3, Өскемен75 (60 бала), Шемонаиха1.


Қызылшамен сырқаттанушылық негізінен екпе алмаған адамдар арасында тіркелуде – 79,4% немесе 81 адам (оның ішінде 21 жағдай
жоспарлы вакцинация жасына жетпеу, 26 жағдай медициналық қарсы көрсетілімдер, 29 жағдайвакцинациядан бас тартқандар, 5 жағдай екпе алу мүмкіндігін өткізіп алғандар), вакцинацияланған адамдар 4,9%-ды немесе 5 адамды және 15,7% немесе 16 жағдайда белгісіз иммундық мәртебені құраған.

Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізіліп, медициналық бақылаумен 6962 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 4263 бала қамтылған. Барлық қарым-қатынаста болғандарға 21 күн медициналық бақылау жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың 1 қарашасында «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №7 қаулысы шыққан болатын. Осы қаулыға сәйкес ағымдағы жылғы 6 қарашадан бастап облыста қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап – қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундау (ҚЖИ) басталды. Өңірде 6 айдан 11 айға дейінгі 8672 бала екпе алуға жатады. 30 қарашаға дейін 2085 балаға (24%) екпе жүргізілген, 2-4 жастағы екпеге жататын балалар саны – 26121, 383 бала (1,4%) екпе алды, бір реттік екпе алғандар 391, екпеге жататындардың 24%-ын құрады (1628). 55 жасқа дейінгі екпеге жататын медицина қызметкерлері – 5300, егілгені 37 (0,7%).

Құрметті ата-аналар, облыс тұрғындары, егер сіздердің жақындарыңыз бен балаларыңыз қызылша індетіне қарсы екпе алмаған болмаса, олар шұғыл түрде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға барып, індетке қарсы екпе алуы қажет. Есте сақтаңыздар,аталған індеттің алдын алудың ең тиімді жолы қызылшаға қарсы екпе алу. Қызылшаға қарсы нақты ем жоқ екені бәріне белгілі,деп ескертеді елімізде өршіп бара жатқан қызылшаны тоқтатудың, оның алдын алудың маңыздылығын облыстық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина.

Елімізде қызылшамен сырқаттанғандардың саны 18 мыңға таяған. Ауру әсіресе, Алматы, Астана қалалалары мен Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында өршіп тұр. 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Жанаргүл  Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив