KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Қызылшамен сырқаттанушылық екпе алмаған адамдар арасында жиі тіркеледі

Фото: inbusiness.kz

22.12.2023, 16:49 141

ШҚО-да қызылшаның 209 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, былтырғы жылдың осы кезеңінде қызылша аурушаңдығы тіркелмеген.

 

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, науқастардың негізгі үлесі - 14 жасқа дейінгі балалар (70%),  25%-ын ересектер және 5%-ын жасөспірімдер құрайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Аурушаңдық жағдайлары келесі аумақтарда тіркелген: Глубокое ауданы – 6, Зайсан ауданы - 34, Алтай ауданы - 35, Самар ауданы - 8, Риддер қаласы - 1, Ұлан ауданы - 4, Өскемен қаласы - 120, Шемонаиха - 1.  

             

Сырқаттанушылық негізінен екпе алмаған адамдар арасында және вакцинация туралы мәліметтері жоқ адамдар арасында тіркелген.

 

Эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 13,9% немесе 13 қызылша науқасы Алматы, Атырау, Стамбул қалаларында және Тәжікстан елдерінде ауырып елге әкелгендер.

 

Қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және жағдайды тұрақтандыру мақсатында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шығарылды.  Қаулыға сәйкес, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы 6-11 айлық балаларға, қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундауды жүргізу басталды.

 

- Қосымша иммундау кезінде Үндістанда өндірілген қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Бұл вакцина қауіпсіз, әлемнің 70-тен астам елінде, соның ішінде еуропалық елдерде қолданылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және мемлекеттік тіркеуден өткен. Елімізде бұл вакцина 20 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді. 2015 және 2019 жылдары қызылша ауруын оқшаулау үшін осы вакцина қолданылды, иммундаудан кейінгі асқынулар тіркелген жоқ. Қосымша иммундау балалардың тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымдарда тегін жүргізіледі. Облыста вакцинаның жеткілікті көлемі бар. Індеттің алдын алудың ең тиімді жолы - екпе алу. Қызылшаға қарсы нақты ем жоқ екені бәріне белгілі, - деді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қ.Тұрдиев.


Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив