KZ
Өскемен
-28°
плотный туман Штиль
515.89 536.32 5.17

Өскеменде Президент пен ШҚО әкімінің атынан шырша мерекесі өтті

24.12.2023, 15:00 340 Айна Ескенқызы

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті мен ШҚО әкімінің атынан балаларға шырша мерекесін ұйымдастырып, сыйлықтар беру игі дәстүрге айналған.

 

Биыл  «Қош келдің, Жаңа жыл!»  атты мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ, оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды, 9 жастан 13 жасқа дейінгі 450 бала шақырылды. Сондай-ақ, білім алу қажеттіліктері шектеулі балаларға арналған шырша мерекесі де ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Шырша мерекесіне сиқыршылар, Алтын адам, Батыр, Алладин сияқты және ертегілер әлемінің басқа да кейіпкерлері жиналды.

 

Балақайларды бәріміз асыға күтетін Жаңа жыл мерекесімен облыс әкімі Ермек Көшербаев құттықтады.  Аймақ басшысы осындай шырша мерекесі барлық өңірлерде өтіп жатқанын атап өтті. Ермек Беделбайұлы балаларға сабақтарын жақсы оқып, барлық арман-тілектері орындалуына тілектестістігін білдірді.

 

- Жаңа жылда ғажайыптар орындалуы керек. Бүгін балақайларға нағыз жаңажылдық ертегі сыйладық. Оқушылар үйлеріне бақытты көңіл-күймен қайтты, - деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

 

Балалар жаңа жылдық ғажайыптар мен сиқырлар әлеміне саяхат жасап, онда әйгілі мультфильмдер мен халық ертегілерінің ұлттық кейіпкерлерімен кездесті. Қазақстан Республикасы Президенті және облыс әкімінің атынан Жаңа жылдық шырша мерекесінің қатысушылары 150 000 теңгенің ақшалай сертификаты мен тәтті сыйлықтар алды.

 

Талдықорған облысы Үштөбе қаласынан келген Айсұлтан Оқан - Өскемен қаласындағы білім- инновация лицейінің 6-сынып оқушысы, оқу озаты.

 

- Мен ата-бабаларымыз сияқты елімізге қорған болған Батыр киімін таңдап алдым, -дейді Айсұлтан. - Мереке өте тамаша өтіп жатыр. Маған құрбыларымның барлығының киген киімдері ұнады. Барлық қазақстандықтарға жаңа жыл жақсылық әкелсін деп тілеймін.

 

Айсұлтан көпбалалы отбасынан шыққан, бес баланың үлкені екен. Ол сыйлыққа алған қаражатқа өзінен кейінгі бауырларына сый-сияпат жасағысы келетінін айтты.

 

Зайсан ауданы Шілікті ауылынан келген Демежан Олжасұлы әлемге Қазақстаннан табылып жатқан Алтын адамды паш етуді мақсат етіпті.

 

- Мен өз ауылымнан шыққан төртінші Алтын адамның киімін тіктірдім. Осы образ арқылы мен елімізден шығып жатқан Алтын адамды әлемге танытсам деймін. Барлық қазақстандықтарға жақсылық пен бақыт тілеймін, - деді шіліктілік «Алтын адам» Қанат Дәмежан.

 

Кеш соңында балаларға арналған мәдени ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, балақайлар бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды, облыстық драма театрында жаңа жылдық спектакльді тамашалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу