KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

Үржар мен Алматы арасында әуе қатынасы жанданды

28.04.2013, 18:00 249


«Үржар – Алматы» әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Үржар мен Алматының арасындағы әуе қызметіне әр жолаушы 12 мың төлейді. Негізгі билеттің құны 24 мың теңге, жол шығынының елу пайызы мемлекет тарапынан субсидияланып отыр.

Авиация саласында 39 жыл қызмет еткен экипаж командирі А.Гузенконың айтуынша, ұшақ аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды екен.

Қазірдің өзінде алғашқы рейспен Алматы бағытына оншақты жолаушы ұшып үлгерген.

Ұшақ бортына 50 жолаушы емін-еркін сиятын көрінеді. Жаңа рейс үржарлықтар үшін өте пайдалы, алдағы уақытта аталмыш бағытта ұшатын жолаушылар саны көбейе түсетіні анық.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив