KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

Өскеменде Ұлан ауданының жәрмеңкесі өтті

Фото автордікі
Фото автордікі
30.12.2023, 10:00 222 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас басталып кеткендей. Қалалықтар бүгін мерекелік дастарханды ауыл өнімдерімен байытуға асықты. 


Шығыстың бас шаһарына Ұлан ауданынан жәрмеңке келген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Таза әрі сапалы ауыл шаруашылығының өнімдері әдеттегідей арзанға саудалануда. Әр аптаның сенбісінде ұйымдастырылатын бұл іс-шараның негізгі мақсаты да осы — азық-түлік бағасын тұрақтандыру екенін естеріңізге саламыз. 


Ұландық шаруалар облыс орталығына ұсақ мал, ірі қара және жылқы еті молынан әкелген екен. Сондай-ақ мұнда сүт өнімдерінің, көкөністің, балық пен балдың түр-түрі бар. Бір сөзбен айтқанда, бұл тойбазар күздің жомарт айларында болған жәрмеңкеден бір кем емес. 


— Ең бастысы, өнімдер халыққа әлеуметтік бағамен сатылады, — дейді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Ләзиза Кенжетаева.


Биыл азық-түлік жәрмеңкелерінің түрлене түскені рас. Облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асқан жоба әдеттегі іс-шараға әр бергендей болды. 


— Күзден бері сенбілік жәрмеңкенің тұрақты тұтынушыларына айналдық. Мереке қарсаңында болар ме екен, болмас па екен деп жүргенбіз. Бірнеше күн бұрын Ұланнан жәрмеңке келетінін естіп қуандық. Өйткені бала-шағамызға неғұрлым пайдалы азық-түлік алуға тырысамыз ғой. Ал құнарлы, нәрлі өнім ауылда емес пе?! Биыл  күн райы қолайсыздау болғандықтан жылдағы әдетімізше мереке қарсаңында ауылға шыға алмайтын болдық. Дегенмен ауыл дәмі дастарханымыздан табылатын түрі бар. Жалпы, жәрмеңкенің ақшаға да үнем екенін жасырмаймыз. Қалай болғанда да бұл қалалықтар үшін таптырмас бастама болды, —  Сайлау Сағадиев есімді Өскемен тұрғыны.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив