KZ
Өскемен
+11°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Өскеменде сенбі күні Аягөздің жәрмеңкесі өтеді

14.02.2019, 03:26 124

Қала тұрғындары алдағы сенбі күні ауылшаруашылық  өнімдерін арзан бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыс орталығына Аягөз ауданының шаруалары жәрмеңкелете келеді. Экологиялық таза әрі сапалы азық-түлік аламын деген қала тұрғындары әдеттегідей Fresh Market сауда орталығының жанынан табылуы тиіс.


Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері мен көкөністер сатылымға шығарылады.


Айта кетейік, тойбазар сағат таңғы 7.00-де басталып, шамамен 15.00-ге дейін жалғасады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив