Үлбі өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр - Риддер
Шартты сурет: vlast.kz
Риддер қаласының аумағында 27 қаңтарда су тасқыны ахуалына мониторинг жүргізілген болатын.
Мониторинг кезінде Бутаково ауылының тұсындағы Үлбі өзенінде кептеліс пайда болып, судың негізгі ағыны екінші арнаға бағытталғаны анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Салдарынан тұрғын үйлерді су басу қаупі туындаған.
Төтенше жағдайдың алдын алу мен кептелісті таратпау үшін ағыстан төмен қарай жарылыс жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданған болатын.
Бүгін Үлбіде мұз кептелістеріне жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жергілікті әкімшілік жағдайды жіті бақылауында ұстап тұр.
Оқи отырыңыз