KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 4 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Өскеменде бірінші ауысымдағы оқушылар сабаққа бармайды

27.11.2022, 16:26 526 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде аязға байланысты мектеп оқушылары онлайн оқытуға көшіріледі.

Алдын ала болжам бойынша, 28 қарашада Өскемен қаласында ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өскемен қалалық білім бөлімі ертең бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын мәлімдеді. Екінші ауысымда оқитын оқушыларға қатысты ақпарат қосымша жарияланатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив