KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 4 м/с, Ю
522.91 548.85 5.05

Шығыс Қазақстанда қатты аяз сақталады

Фото: depositphotos.com

21.02.2024, 14:25 181

Шығыс Қазақстан аумағында ертең тағы аяз түседі.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 22 ақпанда түнде облыс аумағында -40 градус аяз сақталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында да түнде -40 градус аяз болады.

Осыған байланысты ТЖ қызметі сақтық шаралары жайлы еске салады:

- елді мекендерден шықпаңыз;

- шұғыл шаруа болмаса үйден шықпауға тырысыңыз;

-  егер далаға шығу қажет болған жағдайда, жылы және қалың киініңіз. Автокөлікті күтіп ұзақ тұрмаңыз; 

- пешті жиі жағыңыз,  бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтын болсын, шектен тыс қыздырмаңыз;

- тұрғын үйді қосымша жылытатын болсаңыз, электр жылытқыштарының өрт қауіпсіздігі жағдайына назар аударыңыз;

-Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.

Айжанат Бақытқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу