Антикор: ШҚО-дағы спорт мектептерінің 7 қызметкері жалған диплом пайдаланған
Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 7 қызметкерінің жалған дипломдарды пайдаланғанын анықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шакенов мәлімдеді.
Тексеру нәтижесінде, аталған қызметкерлердің білім туралы құжаттары жалған болып шыққан. Олар білім беру саласында жұмыс істеп, спорттық жаттықтырушы қызметін атқарған, бірақ қажетті біліктілікке ие болмаған.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып, жауапты тұлғаларға қатысты тергеу жұмыстары басталды. Қызметкерлердің жалған құжаттарды пайдалану арқылы жұмысқа орналасуы балалардың білім алуы мен спорттық дайындығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл бағытта жұмысын жалғастыратынын және болашақта мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алуға ерекше назар аударатынын мәлімдеді.
Фото: Махаббат Ахметжанова