KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да автобус жүргізушілері тапшы

Кеше, 16:30 42 Ержан Әбіш

Өскемен тұрғындары қоғамдық көліктерді сағаттап күтетіндерін айтып, жиі шағымданады. Тасымалдаушылар бұл қолайсыздықтың басты себебін атады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов мәлім етті.

– Қоғамдық көлік жүргізушілеріне арналған ережелер қатаңдатылды. Соған байланысты бұл салада кадр тапшылығы сезіледі, – деді Қуаныш Акрамов.

Ағымдағы жыл басынан бері облысішілік маршруттардағы жолаушылар ағыны 25 пайызға артқан. Осы мақсатта мемлекет тарапынан субсидия бөлінгенін айта кеткен жөн. 

Облыс бойынша әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 5312 бала қоғамдық көліктермен тегін жүреді. Осы мақсатта мемлекет тарапынан 178,1 миллион теңге бөлінген. Ал келесі жылдан бастап қала және аудан аралық маршруттарда «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр Ана», «I және II дәрежелі Ана даңқы» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар үшін тегін жол жүруді енгізу туралы ұсыныс қаралуда. Брифингке қатысқан басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы осылай деді. 

– Өңірдегі ескі қоғамдық көліктердің санын азайту үшін 2021 жылдан бастап тиісті жұмыстар атқарылуда. Күні бүгінге дейін 195 автобус пен 26 шағын автобус сатып алынды. Осылайша, өңірдегі қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңартылды, – деді Қуаныш Акрамов.

Айта кету керек, облыс орталығында «Марат-М» ЖШС, «Воска» ЖШС, «Рост» ЖШС, «Вебас» ЖШС, «Бақытжол» ЖШС, «Кривошеев» ЖК, «Калиницкий» ЖК, «ТК KazAvtoline» ЖШС сияқты бірнеше ірі тасымалдаушылар жұмыс істейді.

Ажар Сағатбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив