Шығыстың аруларына тамаша тарту жасады (видео)
Көктем мерекесін әйелдер қауымы асыға күтеді. Олар үшін Халықаралық әйелдер күні мейірімділік пен махаббатың, сыйластық пен сезімнің мерекесі. Сондықтан да нәзік жандар бұл күнді әдемілікпен қарсы алып, мереке қарсаңында бір жасап қалады.
«Ертіс концерт» залында өткен салтанатты кешке ШҚО әкімі Ермек Көшербаев қатысып, аруларды мерейлі мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Елімізге танымал өнер жұлдыздары қатысқан концертте Астанадан арнайы шақырумен келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин мен жас эстрада жұлдызы Нұрмұхаммед Жақып ән шырқап, көктем мерекесінің көркін асырды.
Мерекелік кешке қала, аудан, ауылдардан арнайы шақырылған, әр салада жемісті еңбек етіп жүрген белсенді қыз-келіншектер қатысты. Осылайша жан-жақтан жиылған нәзік жандар керемет концертті тамашалап, мереке қарсаңында қуанышқа бөленді.
Бұл кеште танымал өнер жұлдыздарымен бірге облыстың шығармашылық ұжымдары мен әнші-бишілері де өнер көрсетті.