KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Белоусовка кентінің тұрғындары қоғамдық көлік мәселесін көтеріп жатыр (видео)

11.03.2024, 15:22 160 Айна Ескенқызы

Белоусовка кентінен Өскеменге жету мұң. Бұл елді мекен облыс орталығынан жиырма бес шақырым жерде ғана орналасқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары бүгін осы бағытта жүретін автобустың кенттен шықпай жатып сынып қалғанын жазып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Белоусовкаға қашан дұрыс автобустар қатынайтын болады? Міне, дәл қазір автобус сынып, барлығымызды көліктен шығуды өтінді. Билеттің ақшасын қайтарған жоқ, ары қарай басқа көлік келе ме, жоқ па, оны да ешкім түсіндіріп жатқан жоқ, - деп жазды жолаушылар.

Өскемен автобекетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Белоусовка кентіне күніне 11 рейс қатынайды екен. Алғашқысы облыс орталығынан таңғы 6.30-да, соңғысы 20.30-да шығады. Бұл мәселеннің мән-жайын білу үшін сайтта көрсетілген байланыс телефондарына хабарласып едік, бір де бір нөмір жауап бермеді. Ал көрсетілген WhatsApp нөмеріне жазған сауалымызға автобекет әкімшілігі «бүгін ғана сынды» деп қысқа жауап қайырды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив