Зайсандық кәсіпкерлер Марқакөлге 123 бума шөп жіберді
15 наурыз - Қайырымдылық күніне орай Марқакөл өңірінің тұрғындарына көмек ретінде Зайсан ауданының Сарытерек ауылдық округіндегі қожалықтар мен тұрғындар бірлесіп, 123 бірлік рулон шөп жинап берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі
- Ауданымыздың азаматтары, қожалықтары қиын-қыстау кезеңде жерлестеріне қол ұшын созып, көмек беруді бүгінгі күнге дейін жалғастырып жатыр. Шөп бумаларының 30-ы Көгедай, 30-ы Шалқар ауылына және 63-і Сарытерек ауылына тиесілі. Көмек қолын созған барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Әлемді мейірімділік құтқарады, - дейді Зайсан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дуйсенбайқызы.
Оқи отырыңыз