Шығыста Қыдыр ата резиденциясы ашылады
Фото: Александр Попов
Биыл Қазақстан халқы Наурыз мейрамын жаңашылдықпен һәм жағымды жаңалықтармен қарсы алуда. Бұған дейін Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың тұжырымдамасы бекітіліп, Наурызнама онкүндігі жарияланған болатын.
ШҚО жұртшылығы да жылдың басын өзгеше қарсы алып, өнегелі де рухани іс-шаралардың легін жалғастыруда. Ендігі кезекте 21 наурыз күні Өскеменде Қыдыр ата резиденциясы ашылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасы мәлім етті. Сондай-ақ осы күні Сол жағалау мұражай-қорық кешенінде Наурыз мейрамына арналған көптеген іс-шаралар өтпек.
Айта кетейік, биыл ШҚО-да Аяз ата резиденциясы ашылып, жұртшылық бұл бастаманы жылы қабылдаған болатын. Ендігі кезекте Өскемен тұрғындары Қыдыр атадан бата алып, Қыдыр ата резиденциясында қонақта болмақ.