Ұланғасыр ән салды, "Шапитоға" жұрт тамсанды - ШҚО
Биылғы Наурыз мейрамында өткен қызықты шаралардың қатары көп болды. Әсіресе, Өскеменде орталық алаңға жиналған жұрт әнге құлақ құрышын қандырып, цирктің қызығын тамашалады.
Облыс орталығында өткен мерекелік шарада танымал эстрада жұлдызы Ұланғасыр Қами ән салса, Мұтырғановтардың "Шапито" циркі керемет өнер көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Танымал өнерпаздың әніне түгел жұрт қол соғып, қошемет көрсетсе, балалар цирктің қызығынан көз алмады.
Осылай облыс тұрғындары Наурыз мейрамын көтеріңкі көңіл күйде қарсы алды.
Айта кетейік, бүгін кешке орталық алаңда өтетін мерекелік концертте де танымал отандық жұлдыздар өнер көрсетеді.
Фото: Аяужан Утеулинова