Венгрияның елшісі бозанбайлықтардың дастарқанынан дәм татты
Венгрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона Ұлан ауданында болды.
Венгрия елшісі Бозанбай ауылына барып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, саятшылық өнерімен танысты. Қазір осы ауылда тұрып жатқан әлемге танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызымен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Отто Иван Рона қыран құсты қолына қондырып, садақ атып, қазақы дастарқаннан дәм татты.
- Этнотуризм - әлемде қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала. Бозанбайдың саятшылар отанына айналарына кәміл сенемін, - дейді елші.
Сондай-ақ ол келешекте Ұлан ауданына шетелден, әсіресе Венгрия мемлекетінен туристердің көптеп келуіне ықпал ететіндігін жеткізді.
Фото: Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі
Оқи отырыңыз