KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Шығысқазақстандық сарбаздар әскери борышын Жетісу жерінде өтейді

1.04.2024, 14:05 103 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық 35 азамат Талдықорған қаласындағы 37-ші десанттық шабуылдаушы бригадасында борышын өтейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айта кету керек, десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қатарына бойы тек 175 сантиметрден кем болмайтын жігіттер таңдалатын көрінеді.

- Бұл жолы әскерге шақырту алған біздің шығысқазақстандық ер азаматтар Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қатарында өз әскери борыштарын өтемек. Десант болу да оңай емес. Оған тек бойы 175 см-ден кем болмайтын аяқ қолы балғадай, мығым жігіттер таңдалады. Өйткені, жүктелетін міндеттің жүгі де ауыр.  Олар елде және сырт жерлерде де бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау мақсатындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауға қатыса алады, - деп атап өтті ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Денис Садыхов.

Десанттық-шабуылдау әскерлері – бұл жедел бірлестік, Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдерінен тұратын, Қарулы күштер сабындағы стратегиялық элемент. Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қатарында сарбаздар өз бойыларындағы жауапкершілік, өжеттік пен батылдығын шыңдап шығады.

- Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қатарына шақырылғаныма қуаныштымын. Десантшы болу, парашюттен кәсіби түрде секіріп үйрену – менің бала арманым болатын. тан алдындағы борышымды абыроймен атқаруға толықтай дайынмын, - дейді әскерге шақырылушы Тоқтамұрат Тілек.

ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті болашақ денсантшы сарбаздарды Талдықорған қаласына салтанатты түрде шығарып салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив