Крестовка ауылындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ - ШҚО
Алтай ауданының Крестовка ауылындағы Крестовка өзенінің арнасынан асуы салдарынан 2х2 метрлі түтікшелі құбырды су шайып кетті.
Көлік қатынасынсыз 16 адам тұратын 8 үй қалды, олардың арасында оқушы жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Үйлер биік жерде орналасқандықтан, судан келер қатер жоқ, дейді мамандар.
Жергілікті атқарушы билік органдарының мәліметінше, тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Округ әкімі М.Қабанбаев жергілікті тұрғындармен үнемі байланыста.
Құбырдың өне бойы бұзылмаған және су деңгейі төмендегеннен кейін дереу ауылмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары қолға алынатын болады.
Оқи отырыңыз