Өскеменде «Болашақ Сәтпаевтар» байқауының жеңімпаздары анықталды
О. Бөкей атындағы қалалық кітапхана ғалым Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында ІТ саласы бойынша байқауын өткізді.
Байқау жастарды заманауи технологияға, ғылымға ынталандыруға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқушылардың жобаларын Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ сандық технология және жасанды интеллект мектебінің профессоры, PhD докторы Индира Увалиева, С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технология» кафедрасының лекторы Бақытжан Көпжасаров, ҚАЕУ «Бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Азамат Бердібекұлы жан-жақты саралап, бағалады.
Үздік жұмыстар:
- «StAI-Мобильді қосымшасы». Авторы: Камила Оралбекова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.
- «Қазақ тілін үйрету қосымшасы». Авторы: Асылай Жеңісбекова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.
- «Python программалау ортасында бейнені тануды жүзеге асыру процесі». Авторы: Інжу Кенжеханқызы, Aбaй aтындaғы №33 oртa мектебінің 8-сынып оқушысы.
- «3D-үлгі (bandicam)» бейнеролигі. Авторы: Виктор Федоров, облыстық арнайы ІТ мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы.
Болашағын ІТ саласымен байланыстыратын Асылай бұған дейін де түрлі бағдарламалар жасап эксперименттер жүргізіп келеді. Мәселен, қазір ішімдік және нашақорлықты жеңуге арналған бағдарлама жасап жатыр.