KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да кезекті аэровизуалды тексеру жүргізілді

14.04.2024, 21:30 146 Назерке Каримова

Облыс әкімі Ермек Көшербаев, ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаменті Кахарман Оразалин басқа да мүдделі органдардың өкілдерімен бірге облыстың су тасқыны қаупі бар аудандарда көктен бақылау жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Өңір өзендерінің жай-күйін, қар жамылғысын, су қоймалары мен бөгеттерді барлады, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бөгеттерде су деңгейі алдын ала төмендетілді. 


Жалпы, облыс бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты. Облыстағы қар жамылғысы 48%-ды құрайды. Өзендердегі су деңгейі сыни белгілерден төмен. 

Облыста төтенше жағдай туындай қалса, күштер мен құралдар дайын тұр. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. 

Сондай-ақ, қажет болған жағдайда   17 000 адам сыятын 153 уақытша орналастыру пункті дайындалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив