Су тасқыны: ШҚО-да жағдай тұрақты
Бүгін ШҚО-ның бірқатар ауданында күн райы бұзылып, жаңбыр жауып тұр. Дегенмен облыста су тасқыны жағдайы тұрақты. Аймақтағы 132 гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Аптаның басында облыста дауылды ескерту жарияланған болатын. Барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазір еліміздің бірқатар өңірінде төтенше жағдай режимі енгізілген. Су тасқынынан зардап шеккендерге еліміздің түкпір-түкпірінен жанашыр жандар көмек қолын созып жатыр. Шығып жұртшылығы да игі істен тыс қалған жоқ. Облыста гуманитарлық көмек жинау пункті ашылған. Штаб төрағасы Равиль Юнусовтың айтуынша, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктер мен тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы 10 сәуір күні Атырау облысына жіберледі.
Фото: Аяужан Утеулинова