KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.44 473.09 4.75

ШҚО: Қоғамдық кеңес құрамы жаңартылды

16.04.2024, 21:17 62 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстанда облыстық Қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Кеңестен шығып қалғандардың орнына өңірлік Азаматтық альянстың директоры Аяужан Әшімова, ШҚО Кәсіподақтар орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов, "Антарес" ҚҚ басшысы Виктор Дак, қоғамдық сарапшы Мағаша Сайдуақасова кірді.

Кеңес мүшелерінің 75 пайызы азаматтық қоғам өкілдері болды. 

Қоғамдық кеңес жанында түрлі сараптамалық топтар аса маңызды бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеп жатыр: ТҮКШ, экология, денсаулық сақтау, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау, жазасын өтеп жатқан адамдарды оңалту, жастар саясаты және рухани келісім.

Сараптамалық жұмыс топтары бүгінде тиімді диалог алаңына айналды. Олардың тұрақты жұмысының арқасында аймақта қоғамдық бақылау күшейіп, көптеген мәселе оң шешімін тауып келеді. 

Естеріңізге сала кетейік, аймақтағы қоғамдық кеңестер 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл кеңестердің тәжірибесінің нәтижесінде "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңның негізі қаланды.Тиісінше, 2016 жылы қоғамдық кеңестер қызметі заңды мәртебеге ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив